Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы 39 жасында өмірден өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Ванес Мартиросян небәрі 39 жасында тері ауруынан көз жұмды.

Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы 39 жасында өмірден өтті
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұрынғы әлем чемпионы атағына үміткер Ванес Мартиросян екі жыл бойы тері обырымен күрескеннен кейін жексенбі күні 39 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Fightnews.info.

Мартиросян (36-4-1, 21 KO) бірінші орта салмақта Эрисланди Ларамен (екі рет), Деметриус Андрадемен және Джермелл Чарломен ринг бөліскен. Ол мансабын 2018 жылы орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннен уақытынан бұрын жеңілгеннен кейін аяқтады. Оның елеулі жеңістері арасында Кассим Оума, Уилли Нельсон және Ише Смит бар; кәсіпқой мансабы 13 жылдан астам уақытқа созылды.

Мартиросян 1986 жылы 1 мамырда Арменияда дүниеге келген, бірақ Калифорния штатының Глендейл қаласында өсті, ол жерде оның үлкен армян жанкүйерлер тобы болды. Ол болашағынан зор үміт күттірген әуесқой боксшы ретінде 2004 жылғы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының атынан шықты, ал 2005 жылы Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, кәсіпқой боксқа өтті.

Мартиросян өзінің «Кошмар» («Кошмар / Қорқыныш») лақап атына толық сай болды — ол өз дәуірінің ең таңдаулы қарсыластарына қарсы HBO және Showtime эфирлерінде көрсетілген аса шиеленісті жекпе-жектер өткізді. Онымен Фредди Роуч, Ронни Шилдс, Джо Гуссен, Эдмонд Тарвердян және Рома Калантарян сынды мамандар жұмыс істеген.

Калантaрян — өмір бойғы жақын досы және сенімді серігі, қазіргі уақытта Бахрам Муртазалиевті жаттықтыратын бапкер — өткен бейсенбі күні Лос-Анджелесте Мартиросянның жанында болды. Сол кезде дәрігерлер оған бірнеше-ақ күні қалғанын айтқан.

«Ол нағыз чемпион ретінде өмірі үшін күресті. Оның қазір ортамызда жоқ екенін айту өте қайғылы. Ол қолдан келгеннің бәрін жасады, тіпті емделу үшін Мексикаға да барды, бірақ соңғы алты ай ол үшін өте ауыр өтті. Соңғы рет көргенімде Ванес уақыты жақындап қалғанын түсінген. Ол менен отбасына қарайлауды сұрады, біз бір-бірімізге алғыс айтып, қоштастық. Ванес жүрегі алтын адам еді. Жаны жаннатта болсын», – деді Калантарян.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір