"Қазір араласпаймыз": Бибісара Асаубаева әкесі туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Блиц-шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Бибисара Асаубаева биологиялық әкесімен қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді.

"Қазір араласпаймыз": Бибісара Асаубаева әкесі туралы айтты
Instagram/@bibisarachess

"Байланыс үзілген, себеп бар" 

Tengri Sport-қа берген сұхбатында тілші Бибісараның әлеуметтік желіде анасы жиі көрінетінін, ал биологиялық әкесі туралы ақпараттың аз екенін айтып, араласа ма деп сұраған.

Асаубаева бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап берді:

"Қазір біз байланыс ұстамаймыз. Оның себептері бар, бірақ ол туралы айтқым келмейді", — деді шахматшы.

Өгей әке – өміріндегі басты тірек

Бибісараның айтуынша, оны кішкентайынан өгей әкесі тәрбиелеген. Ол кісіні шахматшы" папам" деп атайды және өміріндегі рөлін ерекше атап өтті.

Спортшының сөзінше, әкесі әрдайым салқынқандылықпен ақыл айтып, қиын сәтте көңілін орнына түсіре алады. Отбасындағы "тепе-теңдікті" де сол кісі ұстап тұрады дейді.

Бибісара анасының мінезі белсенді екенін, ал әкесінің керісінше сабырлы екенін айтып, қажет кезде "папама хабарласамын" деп бөлісті. Оның сөзінше, әкесі аяп-әлпештеп жұбатудан гөрі, мәнді әрі нақты кеңес беріп, ойды жинақтауға көмектеседі.

Қазақстан тарихындағы бірегей жетістік

Бибісара Асаубаева — Қазақстан шахматындағы ерекше есім. 2025 жылдың соңында блиц-шахматтан әлем чемпионатын үшінші рет жеңіп, ел тарихында бұл жетістікке алғаш қол жеткізген спортшы атанды.

Әлем чемпионатындағы жеңіс Бибісараға шахмат тәжіне үміткерлер турниріне қатысуға мүмкіндік берді. Дода 28 наурыз – 16 сәуір аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір