Иван Дычко Англиядағы айқас алдында доп тебу шеберлігін көрсетті (ВИДЕО)
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко қазір Англияда өтетін кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Отандасымыз 6 маусым күні Борнмут қаласында жергілікті боксшы Харви Дайкспен кездеседі.
Жекпе-жек алдындағы медиа іс-шаралар кезінде Дычко күтпеген қырынан көрініп, жанкүйерлердің назарын өзіне аударды.
Дычко доппен шеберлігін көрсетті
Иван Дычконың футбол добын теуіп жатқан видеосын бапкері Том Янкелло Instagram парақшасында жариялады.
Айта кетейік, Дычконың кәсіпқой бокстағы рекорды — 15 жеңіс және 1 жеңіліс. 14 жеңісі нокаутпен аяқталған.
Ал Харви Дайкс әзірге кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген. Британдық боксшының көрсеткіші — 7 жеңіс, 1 тең нәтиже және 0 жеңіліс. Дегенмен оның нокаутпен жеңісі жоқ.
Zuffa Boxing қандай жоба?
Zuffa Boxing — UFC президенті Дана Уайт пен саудиялық инвестор Турки Әл аш-Шейх бастаған жаңа бокс жобасы.