Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жәнібек мансабында үзіліс болуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
19.06.2025, 19:32

Жәнібек Әлімханұлының промоутерлік компаниясы – атақты Top Rank – ESPN телеарнасымен серіктестігін тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдай қазақстандық чемпионның болашақ жекпе-жектеріне тікелей әсер етуі ықтимал.

sportarena.kz
sportarena.kz

Орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компаниясының болашағы бұлыңғыр. Боб Арум басқаратын атақты ұйым ESPN телеарнасымен келісімшартты ұзартпауы мүмкін. Бұл жағдай қазақ боксшысы үшін де қауіп төндіріп отыр.

Top Rank пен ESPN: соңғы кеш шілдеде өтеді

vRINGe.com дерегінше, Top Rank компаниясы ESPN арнасымен келісімшарт аясындағы соңғы бокс кешін 26 шілдеде өткізеді. Аталған кештің басты жекпе-жегі – Ксандер Зайас пен Хорхе Гарсия арасындағы айқас болмақ.

Бұл күннен кейін компания уақытша үзіліс алмақ, ал тамыз айына ешқандай шоу жоспарланбаған. Себебі ESPN ұсынған жаңа шарттар Top Rank басшылығын қанағаттандырмай отыр. Келіссөздер ұзаққа созылып кеткен, ал егер тараптар ортақ шешімге келе алмаса, Top Rank-тің болашақ шоулары қандай платформадан көрсетілетіні белгісіз.

Бұл үзіліс Жәнібекке қалай әсер етуі мүмкін?

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) осы компанияның қорғауында. Top Rank пен ESPN серіктестігінің үзілуі оның жекпе-жек жоспарына тікелей әсер етуі мүмкін.

2023 жылы Жәнібек салмақ қууда қиындыққа тап болғаны үшін компаниямен келісімшарт бұзылады деген қауесет тараған. Алайда боксшы бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Қазақ стилі» Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) WBC белбеуі үшін айқасуды көздеп жүргенін бірнеше рет мәлімдеген.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін Астанада өткізіп, камерундық Анауэль Нгамиссенгені 5-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір