
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі тарихи айқасына ресми түрде келісім берді. Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтанов Instagram желісінде хабарлады.
«Ассалаумағалейкум, қадірлі “Qazaq Style” жанкүйерлері! Біз Қазақстан халқы көптен күткен, орта салмақты дүр сілкіндіретін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Алла қаласа, жақын күндері промоутерлік компаниялар ресми хабарлама жасайды. Бізді үлкен шоу күтіп тұр!» — деп жазды Сұлтанов.
Оның айтуынша, Әлімханұлы командасы орта салмақтағы төрт белбеудің бәрін біріктіру жолында маңызды қадам жасады.
«Біздің мақсатымызға жетудің жарты жолынан өттік. Алла қаласа, тарихта аты қалатын сәт те алыс емес. Біз тынымсыз еңбектеніп келеміз, ал нәтижесін жақында көреміз», — деді ол.
Берік Сұлтанов жекпе-жек туралы толық мәліметті әзірге ашқан жоқ. Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы да өзінің «үлкен айқасқа» дайындалып жатқанын мәлімдеген.
Қазір негізгі нұсқалар екі ғана:
Қай нұсқаның таңдалатыны жақын арада белгілі болады.