Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингке қайта оралатынын ресми түрде жариялады.
Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде:
«Қанат Ислам Ali Akhmedov Promotion Fight Night кардында өнер көрсетеді! Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы, 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қанат рингке қайта оралып, тәжірибенің – ең қуатты қару екенін дәлелдемек», — деп жазылған.
Қанат Ислам туралы деректер:
Әуесқой деңгейде Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы және 2008 Олимпиадасының қола жүлдегері
Қанат Ислам бірінші орта салмақта (super welterweight) бірнеше беделді титулдардың иегері:
Қанат Ислам шаршы алаңға 27 желтоқсанда, Алматыдағы бокс кешінде шығады.