Бұл туралы ресми түрде 2025 жылы 23 қараша күні Римде өтетін конгресте жарияланады.
Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті атанады. Бұл туралы ресми түрде 2025 жылы 23 қараша күні Римде өтетін конгресте жарияланады.
World Boxing ұйымының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Тәуелсіз тексеру комиссиясының шешімінен кейін Геннадий Головкин басшылыққа үміткер ретінде бірден-бір кандидат болып қалды.
Головкиннің президенттік қызметке 2025 жылғы 23 қарашада Рим қаласында өтетін World Boxing конгресінде ресми кіріседі. Сол күні ол қазіргі президент Борис ван дер Ворсттан өкілеттілікті қабылдап, ұйымның жаңа басшысы ретінде жұмысын бастайды. Конгресс барысында делегаттар сондай-ақ бір вице-президент пен екі атқарушы кеңес мүшесін сайлайды.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы 2023 жылы сәуірде құрылды.