Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан бокстан әлем чемпионатына баратын құрамын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық құрама Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бастамасымен әлем чемпионатына баратын боксшылар тізімін ресми түрде жариялады.

Қазақстан бокстан әлем чемпионатына баратын құрамын жариялады
Instagram/@boxingkazakhstan

Дүниежүзілік доданың ерлер арасындағы бәсекесі 3–13 желтоқсан күндері Дубай қаласында (БАӘ) өтеді. Турнир тарихтағы ең ірі жүлде қорының бірі – 8,3 миллион доллармен өтетіні айтылуда. 

Қазақстан бұл додаға 13 салмақта толық құраммен барады.

48 кг дейін: Теміртас Жүсіпов
51 кг дейін: Даниял Сәбит
54 кг дейін: Сәкен Бибосынов
57 кг дейін: Оразбек Асылқұлов
60 кг дейін: Серік Теміржанов
63,5 кг дейін: Ертуған Зейнуллинов
67 кг дейін: Санатәлі Төлтаев
71 кг дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 кг дейін: Сабыржан Аққалыков
81 кг дейін: Ерасыл Жақпеков
86 кг дейін: Дәулет Төлемісов
92 кг дейін: Нурмагамед Юсупов
92 кг-нан жоғары: Нұрлан Сапарбай

Бұл тізімде әуесқой бокста тәжірибесі мол, Азия және әлем біріншіліктерінде сынған спортшылар да, ірі дода арқылы өз атын шығарғысы келетін жас боксшылар да бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір