Дзюдошыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды
Ғұсман Қырғызбаев мексикалық дзюдошымен белдессе, Әбиба Андреа Стоядинов – Дапа Маэлис жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстан құрамасы дзюдошыларының Абу-Дабиде өтетін беделді Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды. Байрақты бәсеке 28–30 қараша аралығында өтеді.
Ерлер арасындағы жұптар
60 кг:
- Мәжжан Шамшиддин — Константинос Ионидис (БАӘ);
- Аман Бақытжан — Эмиль Джаринг (Нидерланд).
66 кг:
- Ғұсман Қырғызбаев — Робин Жара (Мексика);
- Нұрқанат Серікбаев — Жульен Фраскадоре (Италия).
73 кг:
-
Есет Қуанов — Мұхаммед Алоев (Бруней).
81 кг:
- Абылайхан Жұбаназар — Димитри Гочиладзе (Грузия);
- Азат Құмысбай — Нугзари Таталашвили (БАӘ).
90 кг:
-
Ермахан Ануарбеков — Аслан Коцоев (Әзербайжан).
100 кг:
- Нұрлыхан Шархан — Александр Куколи (Сербия);
- Марат Байқамұров — Симеон Катарина (Нидерланд).
+100 кг:
-
Елман Ерғалиев — Азамат Чотчаев (Бруней).
Әйелдер арасындағы жұптар
48 кг:
-
Әбиба Әбужақынова — Андреа Стоядинов (Сербия) – Дапа Маэлис (Бельгия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
57 кг:
-
Бақыт Құсқабаева — Адриана Сальвадор Родригес (Испания).
63 кг:
-
Есмігүл Қуюлова — Керем Примо (Израиль).
Турнир туралы
Абу-Дабидегі Grand Slam — IJF күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл турнирде Олимпиада мен әлем чемпионатының жүлдегерлері бақ сынайды.