Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Астанадағы турнирге қатыспайды. Себебі белгілі

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан дзюдосының жұлдыздары операциядан кейін қалпына келу кезеңінде.

Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Астанадағы турнирге қатыспайды. Себебі белгілі
Inbusiness.kz

Қазақстанның жетекші дзюдошылары Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатыса алмайды. Бұл туралы ұлттық құраманың жаттықтырушы-консультанты Роберт Мшвидобадзе мәлімдеді.

Елдос Сметовтің жағдайы

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жарысқа қатыспауына денсаулық жағдайы себеп болған. Спортшы операция жасатқан. Қалпына келу мерзімі 3–4 ай. 

"Елдос Сметов Grand Slam турниріне қатыса алмайды. Ол шағын операция жасатты, қазір қалпына келу кезеңінде. Шамамен 3-4 айдан кейін оралады", — деді Роберт Мшвидобадзе.

Айта кетейік, тәжірибелі дзюдошы Олимпиададан кейін мансабында үзіліс алып, Лондонда ағылшын тілін жетілдірумен айналысқан.

Әбиба Әбужақынова да турнирден тыс қалды

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова да елордадағы жарысқа қатыспайды.

  • Себеп: операция
  • Қайта оралуы: шамамен 2 айдан кейін

"Әбибаға күтпеген жерден операция қажет болды. Сондықтан ол Grand Slam турниріне қатыспайды. Екі айдан кейін оралады деп күтеміз", — деді жаттықтырушы.

Әбиба Әбужақынова соңғы турнирлерде:

  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2025)
  • Абу-Дабидегі Grand Slam — қола жүлде
  • Австриядағы Grand Prix — жүлдесіз

Қазір Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындық жүргізуде. Кейін Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысады (8–10 мамыр).