АЧ-2026: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Ордостағы құрлықтық додада қазақстандық дзюдошы үздік үштікке енді.

АЧ-2026: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
KAZ.NUR.KZ

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. Бұл жолы ел намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Гаджимурад Омаровпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Жұбаназар турнирдің қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған Азия чемпионатындағы екінші қола жүлдесі. Ұ

Жұбаназардың жетістіктері

Абылайхан Жұбаназар бұған дейін де ірі жарыстарда көзге түскен спортшы. Ол – Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Әділет Алмат финалда Тәжікстанның атақты дзюдошысы Сомон Махмадбековті сенсациялық түрде жеңіп, құрлық чемпионы атанды.