Асу Алмабаев мерзімінен бұрын жеңіске жетеді - сарапшы

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі промоутер қазақстандық файтердің UFC-дегі айқасына қатысты болжамын бөлісті. 

Асу Алмабаев мерзімінен бұрын жеңіске жетеді - сарапшы
pin-upsport.kz

Қазақстандық OCTAGON лигасының президенті, белгілі промоутер Нұраддин Садықов Асу Алмабаевтың UFC-дегі алдағы жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты.

Сарапшының пікірінше, қазақстандық файтер жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, қарсыласына қысым көрсетеді.

"Менің ойымша, Алмабаев бірінші нөмірмен жұмыс істейді, қысым жасайды, тордың жанында әрекет етеді. Ол сабмишн іздейді", – деді Садықов.

Промоутердің айтуынша, Асу Алмабаев өзінің негізгі артықшылығы – күрес пен партердегі шеберлікті тиімді пайдалануы тиіс.

"Үшінші раундта сабмишн тауып, Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңеді деп ойлаймын", – деп болжады ол.

Жекпе-жек қашан өтеді?

Асу Алмабаев пен америкалық Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек 27 маусым күні Әзербайжанның Баку қаласында өтетін UFC турнирінде жоспарланған. Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов Асу Алмабаевқа кеңес беріп, Чарльз Джонсонның әлсіз және күшті тұстарын ашып айтқан еді.  Себебі 2022 жылы ол Чарльз Джонсонмен жекпе-жек өткізген болатын.