Қуат Хамитов Асылжан Таскеттың төбелес стиліне баға берді
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов отандасы Асылжан Таскеттың ресейлік Алексей Мешковқа қарсы өткізген титулдық реванштағы жеңісіне қатысты пікір қалдырды.
Хамитов Таскеттың тактикасын атап өтті
Қуат Хамитов Instagram желісіндегі Alash Pride International парақшасының жарияланымына пікір жазып, Асылжан Таскеттың жекпе-жектегі әрекетін бағалады.
"Қозғалып, екінші нөмірмен жұмыс істей бастаған сәтте жеңіс келді", — деп жазды Хамитов.
Осылайша қазақстандық файтер Таскеттың тактикалық өзгерісі реванштағы шешуші факторлардың бірі болғанын меңзеді.
Асылжан Таскет титулын қорғап қалды
Еске салайық, 31 мамырда Алматыда Brave CF 105 және Alash Pride 123 бірлескен турнирі өтті. Сол кеште Alash Pride ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Асылжан Таскет ресейлік Алексей Мешковпен реванш өткізді.
Жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Таскет қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.