"Күрестің не екенін көрсетемін": Әлем чемпионы Марсельдің шақыртуына жауап берді

Футбол шолушысы

Грек-рим күресінің өкілі, сурдлимпиадалық әлем чемпионы Нұржан Асан қырғызстандық ММА файтері Марсель Нурланбек уулудың шақыртуына жауап берді.

"Күрестің не екенін көрсетемін": Әлем чемпионы Марсельдің шақыртуына жауап берді
instagram/@nurzhan.assan

Нұржан Асан не деді?

Қазақстандық титулды балуан Нұржан Асан әлеуметтік желі арқылы қырғызстандық файтер Марсель Нурланбек уулуға жауап қатты.

Еске салайық, бұған дейін Марсель Нурланбек уулу Нұржан Асанға ашық үндеу жасап, онымен еркін күрес ережесі бойынша белдесуге дайын екенін мәлімдеген.

Асан қарсыласының сөзін жауапсыз қалдырмай, боз кілемінде өз шеберлігін көрсетуге дайын екенін айтты.

"Әй, Марсель, Еркебұлан Тоқтардан алғаның аз болды ма? Сен қарапайым, бірақ қайратты ауыл жігітіне челлендж тастадың. Ойланып ал, мен саған күрестің не екенін көрсетемін", — деді Нұржан Асан Instagram парақшасында.

Қарсыласу қалай басталды?

Марсель Нурланбек уулу бұған дейін Нұржан Асанды еркін күрес форматында белдесуге шақырған. Қырғызстандық файтер өзі грек-рим күресінің өкілі екенін, бірақ қазақстандық балуанмен еркін стильде де күш сынасуға дайын екенін айтқан еді.

Ол салмақ айырмашылығына да аса мән бермейтінін жеткізіп, кездесуді кез келген лигада ұйымдастыруға болатынын мәлімдеген.