Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға кірісті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның менеджері Берік Сұлтан алдағы маңызды жекпе-жекке дайындық барысы туралы мәлімдеді.

Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға кірісті (ВИДЕО)
Instagram/@janibek_alimkhanuly

Qazaq Style командасы жаттығу лагеріне оралды

Берік Сұлтанның айтуынша, Qazaq Style командасы қайтадан жаттығу процесіне кіріскен. Дайындық таңғы сағат бесте басталған.

"Қымбатты бауырлар, ассалаумағалейкум! Құрметті қазақстандық жанкүйерлер! Қазір таңғы бес жарым. Біз жаттығуды сағат бесте бастадық. Qazaq Style командасы жаттығу лагеріне қайта оралды.

Алла қаласа, желтоқсан айында бізді үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Оған дейін екі оқу-жаттығу жиынын өткізуіміз керек. Бірінші кезеңді қазір бастап кеттік. Ай соңында, Құдай қаласа, шетелге аттанамыз. Сол жақта бапкермен және үлкен командамен жұмыс істейміз. Оған дейін бабымызды келтіріп, ағзаны алдағы ауыр дайындыққа бейімдеп алуымыз қажет", — деді Берік Сұлтан.

Жәнібек Әлімханұлы: "Алдымен салмақ қуып, қалыпқа келуіміз керек" 

Жәнібек Әлімханұлы да дайындықтың алғашқы кезеңі Қазақстанда өтіп жатқанын атап өтті. Боксшының сөзінше, бұл кезеңде басты мақсат — физикалық жағдайды жақсарту және салмақты ретке келтіру.

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Алла қаласа, дайындығымыздың бірінші кезеңі басталды. Қазір аздап салмақ қуып, қалыпқа келуіміз керек. Сондықтан әзірге Қазақстанда жаттығып жатырмыз. Кейін, Құдай қаласа, айдың соңында шетелдегі оқу-жаттығу жиынына барамыз.

Қазір қол-аяқты күшейтуге, физикалық дайындыққа басымдық беріп жатырмыз. Одан кейін тактикаға көшеміз. Бұл — бокс мектебі. Базалық дағдыларды қайта пысықтап, техникалық және физикалық жұмыстар атқарамыз. Қимыл-қозғалысты арттырып, техниканы шыңдаймыз", — деді Жәнібек Әлімханұлы.

Жәнібекті маңызды титулдық айқас күтіп тұр

2026 жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы бір жылдық дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін рингке қайта оралуы тиіс. Қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпионға қарсы титулын қорғайды.

Қазір WBO уақытша чемпионы мәртебесі британияляқ Дензел Бентлиге тиесілі. Мұндай шешімді WBO басшылығы қазақстандық боксшының чемпиондық белбеуін өзінде қалдырғаннан кейін қабылдаған.

Әлімханұлының дисквалификация мерзімі 2 желтоқсанда аяқталады.