Төрт елдің боксшылары Қазақстанда әлем кубогына дайындықты бастады

Бокс шолушысы

Түркістан облысында бокстан төрт елдің ұлттық құрамасы World Boxing аясында әлем кубогының Қытайдағы кезеңіне дайындықтың қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Төрт елдің боксшылары Қазақстанда әлем кубогына дайындықты бастады
instagram/@askar_yerkebayev

Түркістан облысында халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, "Алматау" базасында бірлескен оқу-жаттығу жиыны басталды. Бұл жиынға Қазақстан құрамасымен қатар Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан боксшылары қатысуда.

"Түркістан облысындағы “Алматау” базасында төрт елдің командасы қатысып жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиыны басталды.

Бұл жолы Қазақстан боксшыларына Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан құрамалары қосылды.

Аталған жиын — Қытайдың Гуйян қаласында өтетін World Boxing аясындағы әлем кубогы кезеңіне дайындықтың соңғы сатысы. 15–21 маусым аралығына жоспарланған жарысқа командалар Қазақстандағы жиын аяқталғаннан кейін аттанады", — делінген хабарламада.

Қазақстан мен Өзбекстан алғашқы кезеңді Янгиабадта өткізді

Айта кетейік, Қазақстан және Өзбекстан құрамалары әлем кубогына дайындықтың алғашқы кезеңін Өзбекстанның Янгиабад қаласында өткізген. Ол оқу-жаттығу жиыны 25 мамырда аяқталды.

Енді Түркістан облысындағы бірлескен дайындық боксшылар үшін Қытайдағы маңызды халықаралық турнир алдындағы соңғы сынақ болмақ.

Гуйяндағы турнир — Азия ойындары алдындағы маңызды старт

World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында ұйымдастырылады.

Бұл жарыс Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жазғы Азия ойындары алдындағы соңғы ірі халықаралық бәсекелердің бірі саналады. Азия ойындары биыл күзде, 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.