Өзбекстан медаль кестесінде Қазақстанды басып озды

Жекпе-жек шолушысы

Джакартада бокстан U19 және U23 санаттарындағы жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар бәсекесінің алғашқы финалдық күні аяқталды.

Өзбекстан медаль кестесінде Қазақстанды басып озды
Instagram/@boxingkazakhstan

U19 құрамасы алты медаль жеңіп алды

U19 жас санатында Қазақстан құрамасының қыздары үш алтын және үш қола медаль иеленді. Осы нәтижемен қазақстандық боксшылар медаль кестесінде екінші орынға шықты.

Бірінші орынды төрт алтын және екі күміс жүлде жинаған Өзбекстан құрамасы иеленді. Ал Үндістан екі алтын және алты күміс медальмен үздік үштікті түйіндеді.

  1. Өзбекстан — 4 алтын, 2 күміс
  2. Қазақстан — 3 алтын, 3 қола
  3. Үндістан — 2 алтын, 6 күміс

Қазақстан U23 санатында да екінші орын алды

23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды. Ел спортшылары үш алтын, үш күміс және екі қола жүлде иемденді.

Бұл санатта да Өзбекстан көш бастады. Көршілес елдің құрамасы алты алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді. Үндістан бір алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдемен үшінші орынға жайғасты.

  1. Өзбекстан — 6 алтын, 1 күміс, 2 қола
  2. Қазақстан — 3 алтын, 3 күміс, 2 қола
  3. Үндістан — 1 алтын, 4 күміс, 4 қола

Жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының құрлықтық құрылымы — Asian Boxing аясында екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Алғашқы турнир 2025 жылдың тамыз айында Таиланд астанасы Бангкокта өткен.