ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Махмұд пен Төрехан Сабырхан жанкүйерлерден қолдау сұрады

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан туған інісі Төреханмен бірге маңызды жарысқа дайындалып жатқанын көрсетті.

Махмұд пен Төрехан Сабырхан жанкүйерлерден қолдау сұрады
Instagram/@sabyrkhantorekhan

Ағайынды Сабырхандар Маятаста жаттығып жүр

Махмұд Сабырхан Instagram парақшасында Түркістан облысындағы туған ауылы Маятаста өтіп жатқан жаттығудан бейнежазба жариялады.

Кадрларда ағайынды боксшылардың табиғат аясында күштік жаттығулар орындап, жарыса жүгіріп, физикалық дайындығын жетілдіріп жүргенін көруге болады.

"Ассалаумағалейкум, баршаңызға! Жаттығуымыз жалғасып жатыр. Алда маңызды жарыс күтіп тұр. Бізге сәттілік тілеңіздер!" — деп жазды Махмұд Сабырхан.

Махмұд пен Төрехан айтып отырған маңызды дода 2026 жылғы жазғы Азия ойындары болуы ықтимал. Құрлықтық жарыс Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Әзірге Қазақстан бокс құрамасының Азиадаға қатысатын нақты құрамы ресми түрде жарияланған жоқ.

Төрехан Сабырханның жолдамасына бәсеке бар

Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының басты үміткерлерінің бірі саналады.

Ал 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан мен әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов арасында Азиада жолдамасына талас болуы мүмкін. Соңғы шешімді ұлттық құраманың бапкерлер штабы қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.