Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстанның тағы бір балуаны ӘЧ-ның жартылай финалына шықты

Астанада грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жартылай финал жолдамасы түсті.

Қазақстанның тағы бір балуаны ӘЧ-ның жартылай финалына шықты
olympic.kz

Құрбаев Еуропа чемпионынан басым түсті

55 келі салмақта белдескен Исхар Құрбаев ширек финалда молдовалық Артём Делянумен кездесті. Қарсыласы – 2024 жылғы Еуропа чемпионы әрі Біріккен күрес әлемі (UWW) рейтингінде тоғызыншы орында тұрған тәжірибелі балуан. 

Бірақ Исхар Құрбаев атақты қарсыласына есе жіберген жоқ. Ол белдесу барысында басымдық танытып, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Азия чемпионын да жеңді

Айта кетейік, Исхар Құрбаев бұған дейін 1/8 финалда Өзбекстан құрамасының өкілі, Азияның қазіргі чемпионы Ихтиёр Ботировты жарыс жолынан шығарған. Осылайша отандасымыз әлем біріншілігінде қатарынан екі бірдей титулды қарсыласын жеңіп, медаль үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бұған дейін 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айдос Сұлтанғали да жартылай финалға жолдама алған еді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының екі өкілі әлем чемпионатының финалына шығу үшін белдесетін болды.

Жартылай финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Еске салайық, күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты елордада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?