"Титан режимі" іске қосылды: Ризабек Айтмұхан қарсыласын күйретті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

"Титан режимі" іске қосылды: Ризабек Айтмұхан қарсыласын күйретті
baq.kz

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында 97 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ризабек Айтмұхан ширек финалда Түрікменстан өкілі Шатлык Хемеляевпен күресті. Белдесу біржақты сипатта өтіп, Айтмұхан 13:0 есебімен техникалық жеңіске жетті.

Жартылай финалда Ризабекке ирандық Мохаммад Мобин Азими қарсылас атанады. Айта кетейік, иран балуаны бұл кезеңге Бахрейн намысын қорғайтын Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновтың жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуы нәтижесінде өтті.

Айтмұхан Азия чемпионатын іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы белдесуінде ол индонезиялық Мухамад Рудиансияны небәрі 59 секундта 10:0 есебімен жеңіп, жарысты сенімді бастаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір