
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
97 келі салмақ дәрежесінде күресіп жатқан Айтмұхан жартылай финалда ирандық Мохаммад Мобин Азимимен кездесіп, 2:0 есебімен таза жеңіске жетті. Тартысты өткен белдесуде Ризабек мықты тактикалық шеберлік танытып, финал жолдамасын иеленді.
Финалда Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының басты жүлдесі — алтын медаль үшін күреседі. Ал ирандық Азими үшінші орын үшін белдесуге шығады.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — ересектер арасында әлем чемпионы, сондай-ақ U20 және U23 жас санаттарында да әлем біріншілігінің жеңімпазы. Бұған дейін ол ересектер арасындағы Азия чемпионатында екі рет күміс медаль еншілеген.