
Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Рахат Қалжан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті медалін еншіледі.
57 келі салмақ дәрежесінде белдескен Рахат Қалжан қола медаль иегері атанды. Үшінші орын үшін күресте ол ирактық Хусейн Худхур Альбехадиді 8:6 есебімен (таймдар: 5:2, 3:4) жеңді.
Бұл Рахаттың Азия чемпионаттарындағы екінші қола медалі. Ол бұған дейін 2023 жылы да құрлықтық бәсекеде үздік үштікке енген болатын.
Іріктеу кезеңі: оңтүстіккореялық Чжа Ён Аннан жеңіліс — 0:10
Ширек финал: өзбекстандық Гуломжон Абдуллаевты жеңді — 5:3
Жартылай финал: ирандық Милад Вализадеге есе жіберді — 0:3
Айта кету керек, бұл салмақта бастапқыда Мерей Базарбаев күресуі мүмкін еді. Алайда таңдау Қалжанның пайдасына шешілген.