Жарнама
Жарнама

"Қайрат" қарымта ойынға Бельгияға аттанды

Алматылық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта ойын алдында Бельгияға жол тартты.

"Қайрат" қарымта ойынға Бельгияға аттанды
"Қайрат" ФК

"Қайраттың" футболшылары мен жаттықтырушылар штабы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі "Андерлехтке" қарсы қарымта матчқа қатысу үшін Бельгияға ұшып кетті. Клубтың баспасөз қызметі команданың сапарынан әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында фотосуреттерді жариялады.

Матч қашан өтеді?

"Қайрат" пен "Андерлехт" арасындағы жауапты кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 23:30-да басталады. Еске салсақ , Алматыда өткен алғашқы кездесуде бельгиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты алматылық командаға келесі кезеңге өту үшін қарымта ойында ірі есеппен жеңіске жету қажет.

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өте алмаған жағдайда, алматылықтар Конференция лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсететін болады.

Жарнама
Жарнама