Жарнама
Жарнама
"Тұран" ҚПЛ-ге оралды: Жолдаманы мерзімінен бұрын алды
sport-hub.kz

"Тұран" ҚПЛ-ге оралды: Жолдаманы мерзімінен бұрын алды

Оған шымкенттік "Академия Оңтүстік" клубы мен қарағандылық "Шахтер" арасындағы матчтың нәтижесі әсер етті. 

Түркістандық "Тұран" ФК 2026 жылғы Бірінші лига қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Команданың жоғары дивизионға көтерілуіне шымкенттік "Академия Оңтүстік" клубының 24-турда Қарағандының "Шахтерінен" 0:2 есебімен жеңілуі себеп болды.

"Тұранды" енді қуып жету мүмкін емес

"Академия Оңтүстік" 24 матчтан кейін 43 ұпаймен төртінші орында қалды.

Шымкенттік клубтың алда тағы екі кездесуі бар. Екі матчта да жеңіске жеткен күннің өзінде команда ең көбі 49 ұпай жинай алады.

Ал "Тұран" ФК 23 матчтан кейін 50 ұпаймен үшінші орында тұр. Осылайша, түркістандық клубты турнир кестесінде қуып жету енді мүмкін емес.

Айта кетейік, Бірінші лига турнир кестесінде "Тұраннан" жоғары 56 ұпаймен "Қайрат-Жастар" орналасқан. Алайда алматылық "Қайраттың" жастар командасы Премьер-лига жолдамасы үшін таласа алмайды. Сондықтан "Тұран" жоғары дивизионға шығу құқығын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

ҚПЛ-ға шыққан екінші клуб

"Тұран" ФК биыл Премьер-лигаға жолдама алған екінші команда атанды.

Бұған дейін Қарағандының "Шахтері" де жоғары дивизионға оралатыны белгілі болған еді. 

Жарнама
Жарнама