Микель Артета әлемдегі ең қымбат бапкерлердің бірі атанды
44 жастағы Артетаның жылдық табысы 20 миллион фунт стерлингке дейін өсті.
"Арсенал" бас бапкері Микель Артета клубпен арадағы жаңа келісімшарытан кейін әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футбол жаттықтырушыларының біріне айналды.
Жуырда лондондық клуб испаниялық маманмен келісімін 2030 жылдың жазына дейін ұзартты.
Жылына 20 миллион фунт алады
The Telegraph мәліметінше, жаңа келісім бойынша 44 жастағы Артетаның жылдық табысы 20 миллион фунтқа дейін өскен. Бұл соманың шамамен 3 миллион фунты бонус ретінде қарастырылған.
Ал алдыңғы келісімшарт бойынша Артета жылына 15 миллион фунт алып жүрді. Оның 5 миллионы бонус ретінде төленді.
Премьер-лигадағы ең жоғары жалақы
Хосеп Гвардиола "Манчестер Ситиден" кеткеннен кейін Артета Премьер-лигадағы ең жоғары жалақы алатын бапкерлердің біріне айналды. Жаңа келісім бұл көрсеткішті одан әрі арттырды.
Енді Артета табысы жағынан "Атлетико" бас бапкері Диего Симеоне мен "әл-Хиляльді" жаттықтыратын Симоне Индзагиге жақындады. Олар әлемдегі ең жоғары жалақы алатын бапкерлердің қатарында саналады.
Жаңа келісімшарт не үшін жасалды?
"Арсенал" басшылығы Артетамен жаңа келісімді клубтың соңғы жылдардағы прогресі және Премьер-лигада ұзақ үзілістен кейін чемпион атанғаны үшін жасады.
Лондондық команда былтыр 2004 жылдан бері алғаш рет Англия чемпиондығын жеңіп алған болатын.