Бүгін Қазақстан мен Ирландия ӘЧ-2027 жолдамасын сарапқа салады
Ойын елордадағы "Астана Арена" стадионында Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Бүгін, 9 қазанда, футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу үшін Ирландиямен кездесу өткізеді.
Ойын елордадағы "Астана Арена" стадионында Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.
Матчтың бас төрешісі болып Норвегия өкілі Каролин Мари Йенсен тағайындалды.
Қарымта кездесу 13 қазанда өтеді
Қарымта матч 13 қазанда Ирландияның Корк қаласында өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алатын Еуропаның жеті құрамасы анықталады.
Сондай-ақ тағы бір команда ақпан айында өтетін құрлықаралық плей-офф арқылы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы 2027 жылғы футболдан әлем чемпионаты 24 маусым мен 25 шілде аралығында Бразилияда өтеді.
Турнирге 32 ұлттық құрама қатысады.