Жарнама
Жарнама

Көшпенділер ойындарын қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады

Байрақты бәсеке биыл Қырғызстанда өтеді. 

Көшпенділер ойындарын қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады
inbusiness.kz

Қазақстандық көрермендер Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирден тамашалай алады.

Байрақты бәсеке 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу рәсімін Qazsport телеарнасы тікелей көрсетеді.

Трансляция сағат нешеде басталады?

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанаты 31 тамызда өтеді.

Qazsport телеарнасындағы тікелей эфир Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Жарыстар қайда өтеді?

Биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Қырғызстан қабылдайды. Жарыстардың негізгі бөлігі Ыстықкөл облысында ұйымдастырылады.

Бәсекелердің бірқатары Шолпан-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бірнеше мемлекеттен спортшылар келеді. Олар көшпенді халықтардың дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсіп, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр ерекшеліктерін таныстырады.

Жарнама
Жарнама