Жарнама
Жарнама
Михаил Шайдоров Алматыдағы турнирге қатыспайды
bizmedia.kz

Михаил Шайдоров Алматыдағы турнирге қатыспайды

Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары хабарлады.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы Денис Тен мемориалының гала-шоуында өнер көрсетпейді. Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары хабарлады.

Көрермендер алдында Еуропа және Ресей чемпионы Дмитрий Алиев, 1994 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Мари-Пьер Лерэ, сондай-ақ турнир жүлдегерлері өнер көрсетеді.

Турнир Алматыда өтіп жатыр

Денис Тен мемориалы Алматыда 8-10 қазан аралығында өтеді. Бұған дейін қазақстандық Диас Жиренбаев қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, төрешілерден 66,11 ұпай алды. Ол ерлер арасындағы жекелей сында аралық есепте жетінші орынға орналасты.

Жарыстың көшбасшысы – бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Владимир Дикиджи. Оның қысқа бағдарламасын төрешілер 107,31 ұпайға бағалады.

Жарнама
Жарнама