Аббосбек Файзуллаев уәдесін орындады: Өзбекстан құрамасының жұлдызы үйленді (ВИДЕО)
Өзбекстан құрамасы мен Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев шаңырақ көтерді.
Тойдан алғашқы кадрлар тарады
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Өзбекстандағы Instagram қолданушыларының парақшаларында футболшының үйлену тойынан алғашқы видеолар жариялана бастады. Кадрларда Аббосбек Файзуллаев классикалық костюммен қонақтардың құттықтауын қабылдап тұрғанын көруге болады.
Бұл қуанышты оқиға футболшының бұған дейін берген уәдесінен кейін ерекше назарға ілікті.

Айта кетейік, 2026 жылдың мамыр айының соңында Файзуллаевтың ресми құда түсу рәсімі — "фотиха туйи" өткен. Бұған дейін оның қалыңдығы Наманган облысына қарасты Чуст ауданынан екені хабарланған.
Әлем чемпионатындағы голдан кейін уәде берген
Аббосбек Файзуллаев 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде Колумбия құрамасына қарсы матчта гол соғып, оны отбасына және болашақ жарына арнаған еді. Сол кезде футболшы журналистерге үйлену тойы "жақын арада" өтетінін айтқан.
Енді өзбек футболының жарық жұлдызы сол уәдесін орындап, отбасылық өмірге қадам басты.
Файзуллаев — Өзбекстан тарихында алғашқы гол авторы
2026 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстан құрамасы үшін тарихи турнир болды. Фабио Каннаваро баптайтын команда топтық кезеңде сәтті өнер көрсете алмаса да, ел футболы үшін маңызды сәт тіркелді.
17 маусым күні Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында Колумбияға қарсы кездесуде Аббосбек Файзуллаев Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы голын соқты. Ол Элдор Шомуродовтың соққысынан кейін допқа бірінші жетіп, баспен қақпаға бағыттады.
Дегенсен бұл гол Өзбекстан құрамасын жеңілістен құтқара алмады. Колумбиямен матч 1:3 есебімен аяқталды.