кәсіпқой бокс
Үш салмақтағы әлем чемпионы қамауға алынды
Кәсіпқой бокста аты шыққан, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Джервонта “Tank” Дэвис құқық қорғау органдарының назарына тағы ілікті. Боксшы Флорида штатындағы Майами аймағында ұсталған.
Қамшыбек Қоңқабаевтың Джалоловпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі айтылды
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіби рингке ресми түрде қайта оралғанын мәлімдеді.
Данияр Елеусінов енді Қуат Хамитовты "құлатуға" уәде берді
Бұған дейін олимпиада чемпионы Еркебұлан Тоқтар және поп-ММА өкілі Ануарбек "Мотиватор" Бекембетовпен бір күнде айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта сұлатты (ВИДЕО)
Аса ауыр салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек Таиландта өтті. Отандасымыз 11-ші жеңісін тойлады.
Әлем чемпионы рингке оралады
Суперауыр салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанған британиялық Тайсон Фьюридің келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды.
"Жәнібек — алаяқ, лас жігіт" — Әлімханұлына жаңа айып тағылды
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (IBF және WBO белбеулерінің иегері) қатаң сын айтып, допинг дауына байланысты жаңа айыптауларын жария етті.
"Допинг саналмайды". Жәнібек Әлімханұлының дауына қатысты күтпеген дерек айтылды
Қаңтар айында ашылған допинг-сынаманың "B" үлгісі спортшының ағзасында мельдоний бар екенін растаған еді.
Өзбекстанның экс-чемпионы Жәнібек Әлімханұлының салмағында айқын басымдықпен жеңді
Өзбекстанның бұрынғы әлем чемпионы Исраил Мадримов орта салмақта доминикандық Луис Давид Саласармен кездесті.
Қазақ боксшы титулдық жекпе-жегін жариялады
Осыдан бір апта бұрын рингке шыққан былғары қолғап шебері наурызда тағы айқас өткізбек. Қарсыластың кім екені әзірге белгісіз.
Қазақ нокаутерының АҚШ-тағы жекпе-жегі сенсациямен аяқталды
Қазақстандық боксшы Айдос Медет кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді. Осы жекпе-жек алды Айдос бірде бір қарсыластан жеңіліп көрмеген еді.
Айдос Медет қарсыласымен көз арбасты
Отандасымыз ертең армениялық боксшыға қарсы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді.
Данияр Елеусінов "Головкинді тәкаппар деп ойлайтынмын…"
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Рио-2016 Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде Геннадий Головкинге (GGG) қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Мәселеге Данияр Елеусінов араласты
Олимпиада чемпионының сөзі жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды. Қазіргі таңда қазақстандық боксшының командасы ресми шешімді күтуде.
Жәнібек Әлімханұлының менеджері допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
Қазіргі таңда Әлімханұлының командасы ықтимал жазаны жеңілдету бағытында жұмыс істеп жатыр.
Жәнібек Әлімханұлының рингке оралатыны ресми түрде айтылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан спортшы қандай да бір жаза алған күннің өзінде, дисквалификация мерзімі аяқталған соң міндетті түрде рингке қайта оралатынын мәлімдеді.
Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Кәсіпқой боксшы, IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісінде жаңа ақпарат шықты. Спортшының менеджері Берік Сұлтан В-сынама нәтижесі А-сынамадағы көрсеткішпен сәйкес келгенін ресми түрде растады.
"Зейнетке шығар еді". Головкин - Мэйвезер жекпе-жегінің жеңімпазы аталды
Жуырда екі аңыз боксшының архивтік бейнежазбалары арқылы талдау жасалған болатын.
IBF Дмитрий Биволға қарсылас тапты
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйым чемпионы Дмитрий Биволға чемпиондық белбеуін қорғау үшін неміс Михаэль Айфертке қарсы жекпе-жекке байланысты келіссөздерді бастау жөнінде нұсқау берді.
WBC Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды
Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов қазір WBC рейтингінде №1 орында тұр және әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады. Алайда Карлос Адамеспен титул үшін кездесу әлі күнге дейін өтпей келеді.
Жәнібек Әлімханұлының "B" сынамасы допинг барын растады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допингке қатысты ісінде маңызды жаңалық шықты. Қолдағы ақпаратқа сәйкес "B" допинг-сынама нәтижесі де тыйым салынған заттың барын растаған. Осыған байланысты спортшы істің толық қаралуы аяқталғанға дейін жекпе-жектерден уақытша шеттетілген.