Реклама
Реклама

Дулат Бекбауовты жеңген боксшы енді Азияны бағындырмақ (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.08.2025, 19:47

Илья Калинин бокстан Азия чемпионатын сәтті бастады.

Instagram/@boxingkazakhstan

Калининнің жекпе-жек тағдырын төрешілер шешті

World Boxing ұйымы ұйымдастырған U22 санатындағы жарыстың 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Илья Калинин алғашқы жекпе-жегінде үндістандық Малик Притпен кездесіп, үш раундқа созылған тартысты айқаста төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Бұл кездесу толық қашықтыққа созылып, Калининнің шеберлігі мен шыдамдылығы жеңіс кепіліне айналды.

Қазақстан чемпионатының жүлдегері

Илья Калинин — 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. 2023 жылы Қарақозы Абдалиев мемориалында сенсациялық түрде ел чемпионы Дулат Бекбауовты жеңіп, жанкүйерлер мен сарапшылардың назарын өзіне аудартқан. Алайда биыл тек бір халықаралық жарысқа — Сербияда өткен турнирге қатысты. Сондықтан бұл Азия чемпионаты — Калинин үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі дода.

Реклама
Реклама