Ерлер арасындағы нәтижелер: жарқын жеңістер мен тартысты жекпе-жектер
Азия чемпионаты аясындағы ерлер арасындағы жекпе-жектердің бірқатары тартысты өтті. Бірнеше отандасымыз қарсыласынан басым түссе, кейбіреуі өкінішке қарай келесі кезеңге өте алмады.
- 50 кг: Нұрзат Оңғаров индонезиялық Вики Тахумил Джуниормен кездесіп, бөлінген шешіммен жеңіліп қалды. Тартысты жекпе-жекте төрешілер әртүрлі пікірде болды.
- 55 кг: Бексұлтан Боранбек өзбекстандық Самандар Олимовпен жұдырықтасып, бір ауыздан жеңіліп қалды.
- 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев оңтүстіккореялық Сён Хун Юды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл — күннің ең әсерлі жеңістерінің бірі болды.
- 65 кг: Илья Калинин үндістандық Прит Маликпен жұдырықтасып, бөлінген шешіммен жеңіске жетті.
Әйелдер арасындағы кездесулер
Қыздар арасындағы жекпе-жектерде де Қазақстан құрамасы сынға түсті. Дегенмен қарсыластары мықты болып шықты.
- 51 кг: Томирис Мырзақұл оңтүстіккореялық Ким Рён Гёнмен кездесіп, бір ауыздан жеңілді.
- 57 кг: Виктория Байдукова өзбекстандық Хуморабону Мамажоноваға қарсы рингке шығып, бөлінген шешіммен ұтылып қалды.
Бұл чемпионат Азия құрлығы үшін ерекше оқиға болды. U-19 және U-22 жас ерекшеліктері бойынша өткен жарысты World Boxing ұйымы алғаш рет ұйымдастырып отыр.