Таиландта бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатында нағыз шиеленіске толы финалдар болады. Қазақстан мен Өзбекстанның мықтылары бес бірдей салмақта алтын үшін жұдырықтасады.
Жеңімпаздар анықталатын U22 санатындағы финалдық жекпе-жектер 11 тамыз күні өтеді. Бұл күн — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы нағыз бокс дербиіне айналмақ.