Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:40

Ұлан-Батырда World Boxing ұйымы аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында әйелдер турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Instagram/@boxingkazakhstan

Құрлықтық бәсекедегі екінші орын

Турнирдің медаль есебінде бірінші орынды Үндістан иеленді. Бұл команда жарысты 4 алтын, 2 күміс және 4 қоламен аяқтады. Ал Қазақстан 2-1-2 көрсеткішімен екінші сатыға жайғасты. Үздік үштікті 2 алтын және 3 қоламен Қытай түйіндеді.

Әйелдер арасындағы Азия чемпионатының медаль кестесі:

  1. Үндістан — 4 алтын, 2 күміс, 4 қола
  2. Қазақстан — 2 алтын, 1 күміс, 2 қола
  3. Қытай — 2 алтын, 0 күміс, 3 қола
  4. Қытайлық Тайбэй — 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
  5. Таиланд — 1 алтын, 0 күміс, 1 қола
  6. КХДР — 0 алтын, 3 күміс, 0 қола
  7. Өзбекстан — 0 алтын, 2 күміс, 3 қола
  8. Моңғолия — 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
  9. Оңтүстік Корея — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
  10. Тәжікстан — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола.

Финалға үш боксшы шықты

Қазақстан әйелдер құрамасынан финалға үш боксшы шықты. Олар:

  • Бақыт Сейдіш — 70 келі,
  • Надежда Рябец — 80 келі,
  • Дина Исламбекова — 80 келіден жоғары салмақ.

Бұған дейін Надежда Рябец пен Дина Исламбекова Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелгені жазылды. Рябец 80 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, Исламбекова аса ауыр салмақта топ жарды.

Азия чемпионаты әлі толық аяқталған жоқ. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 10 сәуірде өтеді.

Реклама
Реклама