Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығуға дайындалып жатыр (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы дайындық процесінен бейнежазба жариялады.
Қазақстандық боксшы Камшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа оралу үшін дайындықты күшейтіп, Лондондағы жаттығу процесінен видео жариялады.
Лондондағы жаттығу лагері
Қазіргі таңда Қамшыбек Қоңқабаев Ұлыбритания астанасы Лондонда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
"Бүгінді ертеңге қалдырма. Идеалды сәт болмайды — оған өзің әрекет ету керексің. Күн сайын — жұмыс. Күн сайын — прогресс. Мақсат — әлем чемпионы", - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кәсіпқой боксқа оралу
Қоңқабаев бұған дейін кәсіби боксқа қайта оралу жоспарын жариялаған еді:
- Кәсіби рекорды: 5 жеңіс (4 нокаут)
- Соңғы жекпе-жегі: 2022 жыл
- Жоспар: шетелдік промоушенмен келісімшарт жасау
Айта кетейік, 2022 жылдан кейін Қамшыбек әуесқой боксқа қайта оралып, Париж Олимпиадасына (2024) қатысу үшін дайындалған болатын.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020)
Әлем чемпионаттарының жүлдегері
Азия чемпионаттарының жүлдегері