Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалында камбэк жасады (ВИДЕО)
Ұлан-Батырда World Boxing ұйымы ұйымдастырған бокстан Азия чемпионатында ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды.
Ерлердің алғашқы алтын медалі
60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Оразбек Асылқұлов финалда үндістандық Сачинге қарсы шықты. Кездесу өте тартысты өтті. Алғашқы раундта төрешілер басымдықты бірауыздан үнді боксшысына бергенімен кейінгі раундтарда қазақстандық мінез танытып, айқастың тағдырын өз пайдасына шешті.
Нәтижесінде Оразбек Асылқұлов төрешілердің 3:2 есебіндегі шешімімен Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды.
Жетістігігін жақсартты
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов 2024 жылы Чиангмайда (Таиланд) өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алған. Ол жарыс ASBC және IBA аясында ұйымдастырылған. Ал бұл жолы қазақ боксшысы өз нәтижесін жақсартып, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды.