Сабыржан Аққалықов пен өзге чемпиондар қанша сыйақы алады?

Сарапшы, спорт журналисі
10.04.2026, 18:30

Үкімет қаулысына сәйкес, алтын медаль үшін 2300 доллар беріледі. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Жалпы есепте Қазақстандық боксшылар жарыста 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль бар. Соның арқасында ұлттық құрама Өзбекстанды жалпы есепте артта қалдырды. 

Азия чемпионы атанғандар қатарында:

  • Оразбек Асылқұлов,
  • Сабыржан Аққалықов,
  • Нұрбек Оралбай,
  • Айбек Оралбай,
  • Надежда Рябец,
  • Дина Исламбекова.

Қазақ боксының жас жұлдызы бұл додада “күміске” қанағат етуге мәжбүр қалды. 

Президент боксшыларды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын Азия біріншілігіндегі табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Президент спортшылардың жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар алтын медаль иегерлерінің ортақ жеңіске қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы қазақстандық боксшылардың алдағы халықаралық жарыстарда да көк байрағымызды биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.

Жүлдегерлер қанша сыйақы алады?

Қазақстанда Азия чемпионатының жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан қаржылай марапат қарастырылған. Үкімет қаулысына сәйкес:

  • алтын медаль – 2300 доллар (шамамен 1 млн 95 мың теңге);
  • күміс медаль – 1400 доллар (шамамен 666 мың теңге);
  • қола медаль – 900 доллар (шамамен 428 мың теңге) беріледі.

Осындай сыйақы жаттықтырушыларға да беріледі, алайда бір медаль үшін қаражат бірнеше бапкер арасында бөлінеді.

Сонымен қатар федерация тарапынан қосымша бонус берілуі мүмкін, бірақ оның нақты көлемі әзірге жарияланған жоқ.

Реклама
Реклама