Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тоқтардың спорттағы басты мақсаты айтылды

Тоқтардың келесі жекпе-жегі 28 тамызда Астанада өтеді.

Еркебұлан Тоқтардың спорттағы басты мақсаты айтылды
Offside.kz

Қазақстандық танымал файтер Еркебұлан Тоқтардың спорттық мансабындағы басты мақсаты белгілі болды. Бұл туралы оның бапкері әрі тәлімгері Әлішер Ертай Sports.kz басылымына берген сұхбатында айтты6 деп хабарлады Offside.kz.

Басты мақсат – АҚШ-та жұдырықтасу

Әлішер Ертай шәкіртінің алдағы жоспарын қысқа әрі нақты жеткізді.

"Америкада бокс өткізу", – деді маман Еркебұлан Тоқтардың басты мақсаты туралы сұраққа жауап беріп.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар келесі кездесуін 28 тамызда Астанада өткізеді.

IBA Nomad турнирі аясында оның қарсыласы Өзбекстан өкілі, блогер әрі муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон "Испанчик" Исроилов болады.

Жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесі бойынша суперорта салмақта өтеді.

Соңғы айқасын бірінші раундта аяқтады

Еркебұлан Тоқтар соңғы рет 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде шаршы алаңға шыққан.

Ол ресейлік поп-ММА өкілі Артем Тарасовпен бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарында жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Жарнама
Жарнама