IBA Nomad бокс кешін қайдан көруге болады?
Кеште Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Руслан Мәдиев және Еркебұлан Тоқтар өнер көрсетеді.
Қазақстандық бокс жанкүйерлері 28 тамызда Астанада өтетін IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирін тікелей эфирде тамашалай алады.
Бокс кешінің тікелей көрсетілімі 28 тамыз күні сағат 18:00-де басталады.
Кеш аясында қазақстандық бірнеше танымал боксшы шаршы алаңға шығады.
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингте дебют жасайды
Турнирдің басты жекпе-жегінде Санжар Тәшкенбай өнер көрсетеді.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізіп, бірден IBF Asia тұжырымы бойынша бірінші жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.
Оның қарсыласы – Филиппин өкілі Нил Хакамос. Филиппиндік боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – 7 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 нокаут.
Мәдиев, Бибосынов және Тоқтар да жекпе-жек өткізеді
International Boxing Day кешінің файткардында басқа да қазақстандық спортшылар бар.
Атап айтқанда, турнирде Руслан Мадиев, Сәкен Бибосынов және Еркебұлан Тоқтар өнер көрсетеді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.