ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық боксшы титулдық айқас алдында салмақ лимитінен асып кетті

28 тамыз күні Айдос Жаппарбергенов Астанада Алмаз Нұрғалимен жекпе-жек өткізуі тиіс. 

Қазақстандық боксшы титулдық айқас алдында салмақ лимитінен асып кетті
penalty.kz

Қазақстандық боксшы Айдос Жаппарбергенов Астанада өтетін IBA Nomad турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінде белгіленген лимитке сай келмеді. 

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үшін белгіленген лимит – 61 келі.

Ресми салмақ өлшеу кезінде Айдос Жаппарбергенов 63,85 келі көрсетті. Осылайша ол рұқсат етілген межеден 2,85 келіге артық тартты.

Ал оның қарсыласы Алмаз Нұрғали 60,85 келі көрсетіп, салмақ лимитіне толық сәйкес келді.

Айта кетейік, Айдос Жаппарбергенов Алмаз Нұрғалимен IBA NOMAD чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы керек. 

Белбеу кімге бұйырады?

28 тамызда өтетін жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесі бойынша, бірақ ММА қолғаптарында ұйымдастырылады.

Салмақ тәртібінің бұзылуына байланысты чемпиондық белбеудің тағдырына қатысты арнайы шарт күшіне енеді.

Егер Жаппарбергенов жеңіске жетсе, IBA NOMAD чемпиондық белбеуі вакантты күйінде қалады. Ал жеңісті Алмаз Нұрғали иеленсе, титул соған өтеді.

Жалпы, алдағы айқас қос боксшының алғашқы кездесуі емес. Айдос Жаппарбергенов пен Алмаз Нұрғали былтыр мамыр айында да шаршы алаңда жолықты. Ол жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталған еді. Сол кездесуден кейін чемпиондық белбеу Айдоста қалған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.