Астанада 220 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Сарапшы, спорт журналисі

Елордалық полицейлер жол ережесін өрескел бұзып келген көлік жүргізушісін ұстады.

Астанада 220 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
inform.kz

Бөгет Богенбай батыр даңғылында қолға түсті

Қаладағы рейд барысында полиция қызметкерлері Бөгенбай й батыр даңғылында TANK маркалы көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде аталған көліктің 220 миллион теңгеден астам айыппұлы бар екені анықталды.

Рульде отырған азамат — 40 жастағы елорда тұрғыны. Ол көліктің иесі болып саналатын компанияда жұмыс істейді.

Жүйелі түрде ереже бұзып келген

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам жол жүру ережелерін жиі бұзып, салынған айыппұлдарды елемей келген. Бұл жүйелі заң бұзушылықтар көлікті айыптұраққа қойып, арнайы шара қолдануға негіз болды.

“Бұзушыға қатысты атқарушылық іс жүргізу басталды. Іс жеке сот орындаушыларына жолданды. Олар заң аясында қарызды өндіріп алу бойынша тиісті әрекеттер жасайды”, — делінген ресми хабарламада.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір