Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қостанайлықтың 50 млн теңге тұратын Land Cruiser-ін ұрлап кетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
05.08.2025, 10:32

Қостанай тұрғынына тиесілі 2022 жылғы Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін ұрлауға байланысты күдікті ретінде екі адам ұсталды.

Залал көлемі — 50 миллион теңге

ІІМ мәліметінше, көлік иесіне келтірілген шығын мөлшері 50 миллион теңгеге бағаланған. Оперативті-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған темір тұлпар Қарағанды облысындағы Ново-Долинка елді мекенінен табылды.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Бұған дейін — Lexus ұрлығы

Еске салайық, бұған дейін Алматыда алдын ала жоспарланған Lexus жол талғамайтын көлігін ұрлау дерегі әшкереленген болатын. Тергеу барысында көліктің бұрынғы иесі ұсталды. Ол темір тұлпарды үш жыл бұрын сатып жібергенімен, кілттің көшірмесін сақтап қалған.

Полицияның айтуынша, қылмысты жасыру үшін күдікті бетперде мен киім ауыстыруға арналған заттар алып, бақылау камераларына түспеуді жоспарлаған. Алайда ол әрекеттері нәтиже бермей, ұсталып қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір