
Қарағанды облысында қатты қарлы боран мен нөлдік көріну жағдайында 10 көлік бір-бірімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы "Теміртау – Қарағанды" тасжолының учаскесінде болды. Алдын ала деректер бойынша, апатқа түскен көліктер саны 10-ға жеткенімен нақты мәліметтер әлі анықталып жатыр
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ.
Қауіпсіздік мақсатында сағат 17:00-де барлық көлік түрлері үшін бұл учаскеде қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Алдын ала болжам бойынша, жол қозғалысы ережелерін сақтамау апаттың басты себебі болған.
"ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілерді ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда аса мұқият болуға және жол қызметтерінің нұсқауларын қатаң сақтауға үндеді.