"Қазгидромет" РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райының бұзылуына орай ескерту жарияланды.
Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында қар мен жаяу бұрқасын болады, көктайғақ байқалады. Облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, орталығы және оңтүстігі тұманды болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты қар жауады. Күндіз осы өңірдің тауларында күшті жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Түнде таулы аудандарда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік және таулы аймақтарда көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысында қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, батыс және солтүстік бөліктерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде қар мен жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ болжанады. Шығыстан соққан жел солтүстік-батыс бөлігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарында көктайғақ пен тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік, батыс, орталық және таулы өңірлерде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз Алакөл көлдері маңында 15–20 м/с-қа дейін барады.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік және таулы бөліктерде көктайғақ байқалады. Батыс, оңтүстік, орталық және таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында қатты қар жауады. Таңертең және күндіз таулы аудандарда көктайғақ байқалады. Солтүстік, оңтүстік және таулы өңірлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі батысқа ауысып, күндіз шығыс бөлікте екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Абай облысының батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде тұман түседі.