Желі пайдаланушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ұзақ үзілістен кейін алғаш рет бірге көрінгенін атап өтті. Жуырда ғана бесінші перзентін қарсы алған жұптың көңіл-күйі көтеріңкі болып көрінді.
Жұлдыз Әбдукәрімованың отбасында үлкен қуаныш – төркіні келін түсіріп, дүбірлі той жасады. Шараға Қайрат Нұртас пен оның әкесі қатысып, жас жұбайларға арнайы өнер көрсетті. Әбдукәрімова Instagram парақшасында осы отбасылық мерекеден фото мен видеолар бөлісті.
Жарияланған кадрларда Қайрат пен Жұлдыздың ортаға шығып, жас жұбайларға ақ тілектерін жеткізгені, кейін көңілді әуенге билегені байқалады.
Бұл кеште Жұлдыз ерекше жарқырап, назардың ортасында болды. Ол өзіне мінсіз жарасатын, иығы ашық қызғылт сары көйлек кисе, Қайрат қою қызыл жейде мен өзіне тән қара көзілдірігін тағып келген.
Жуырда ғана бесінші баласын өмірге әкелген жұптың көңіл-күйі көтеріңкі болып көрінді. Осылайша, олардың ажырасқаны туралы қауесеттерге нақты жауап берілгендей болды.