Бірқатар өңірде тұман болады деген болжам да бар.
16 ақпанда Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын болады. Кей өңірлерде көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді.
Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауады. Күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы 10–15 градус аязға дейін төмендейді.
Түнде батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз жаңбыр жаууы ықтимал.
Жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі.
Жаңбыр жауады. Таулы өңірлерде жаңбыр аралас қар болуы мүмкін. Температура түнде 3–8 градус, күндіз 12–17 градус жылы болады.
Жаңбыр, кей жерлерде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында:
Температура түнде 0–20 градус аяз аралығында, күндіз 5 градус аяздан 15 градус жылылыққа дейін өзгереді.