Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Украиндық футболшының екінші допинг сынамасы да оң нәтиже көрсетті

Редактор Penalty.kz
08.04.2025, 13:30

"Челси" клубының украиналық жартылай қорғаушысы Михаил Мудриктің B допинг-сынамасы да оң нәтиже көрсетті.

ria.ru
ria.ru

Мудрик пен оның командасы алынған нәтижемен келіспей, апелляция беруге дайындалып жатыр. Сондықтан ресми қорытынды сәл кейін жарияланады.

Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында алынған А сынамасы футболшының ағзасынан тыйым салынған зат табылғанын көрсеткен. Бұл жағдай Мудрикке төрт жылдық дисквалификация қаупін төндіруі мүмкін.

Қазір футболшы “Челси” клубының негізгі құрамынан шеттетілген.

Мудриктің жақын ортасы допинг заттарының футболшы ағзасына қасақана емес, тағам арқылы түсуі мүмкін екенін алға тартуда. Сонымен қатар 2023 жылдың желтоқсан айының соңында ұлттық құраманың физиотерапевті оның тізесіне сиырдың бағаналы жасушалары бар инъекция жасағаны жайлы ақпарат тараған. Бұл да допинг құрамындағы мельдонийдің анықталуына себеп болуы мүмкін.

Михаил Мудрик ағылшынның атақты клубына 2023 жылдың қаңтарында 70 миллион еуроға ауысты. Қазіргі маусымда ол 15 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Оның “Челсимен” келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы ойыншыны 30 миллион еуроға бағалап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір