Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ермұхамед Мәулен: жанкүйерлерге үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:48

Сонымен қатар, танымал журналист ел футболының болашағы жайлы да өз ойымен бөлісті. 

Offside.kz
Offside.kz

Танымал спорт шолушысы Ермұхамед Мәулен қазақстандық жанкүйерлердің көзқарасы мен ел футболының болашағына қатысты ойымен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстан клубтарының Еуропадағы жетістігі үшін ең алдымен жас футболшыларды тәрбиелеу қажет. Бұл туралы Fonteamkz youtube-арнасында айтты. 

«Қайраттан» басталған жол

Журналист ел футболының қазіргі жағдайына тоқталып, алдағы уақытта қазақстандық клубтардың халықаралық деңгейде жиі ойнайтынына сенім білдірді:

«Менің аудиом бүкіл Қазақстанға тарады. Түбі біз «Реалмен» де, «Барсамен» де ойнаймыз. Сондықтан бізге қазақстандық жас футболшыларды тәрбиелеуіміз керек. Міне, «Қайрат» ойнап жатыр. Ертең «Астана», «Ақтөбе», артынан «Шахтёр», «Тобыл» да осындай командалармен ойнайтын болады», – деді Ермұхамед Мәулен.

Жанкүйерлік мәдениет туралы

Сонымен қатар, ол жанкүйерлерді өз жерінің командасын қолдауға шақырды:

«Сол кезде ойлан, мен «Ливерпульдің» фанаты едім деп отырасың ба? Ұлтың, еліңнің, жеріңнің командасы Еуропаның алпауыттарымен ойнап жатқанда, өз клубыңды қолдау — нағыз жанкүйердің ісі», – деді ол.

Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, қазақстандық клубтардың Еуропадағы жетістігі ұлттық мақтанышқа айналуы тиіс. Ол үшін жанкүйерлер тек шетелдік клубтарға қызығып қана қоймай, өз жерінің командаларына да қолдау білдіруі қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір