Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ФИФА ҚПЛ-дің топ-клубына шектеу қойды

Сарапшы, спорт журналисі

Қостанайдың «Тобыл» клубы ФИФА тарапынан қойылған шектеуге тап болды. Ақпаратқа сәйкес, командаға жаңа ойыншыларды тіркеуге уақытша тыйым салынған. 

ФИФА ҚПЛ-дің топ-клубына шектеу қойды
instagram/@fctobol

Тыйым қашан күшіне енді?

2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап «Тобыл» жаңа футболшыларды тіркей алмайды. 

Санкцияның не үшін енгізілгені ресми түрде нақты айтылмаған. Дегенмен ФИФА-ның тіркеу банын енгізу тәжірибесінде мұндай шектеулер көбіне:

  • қаржылық дауларға (қарыз, төлем мәселелері),
  • регламент талаптарын орындамауға,
  • өзге де тәртіптік/әкімшілік бұзушылықтарға байланысты қолданылатыны белгілі.

ФИФА мұндай шектеулер туралы ақпаратты арнайы Registration Ban List тетігі арқылы ашық көрсетіп отырады.

«Тобылдың» 2025 жылғы нәтижелері

Айта кетейік, ҚПЛ-2025 маусымында қостанайлық клуб 54 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орын алды. Сонымен қатар «Тобыл» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. 

2021 жылы да «Тобылға» трансферлік бан салынған. Кейін клуб ол оқиғаның ФИФА тарапынан кеткен техникалық қате болғанын түсіндірген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір