Белгілі футболшы қазіргі таңда еркін агент ретінде жүр.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан кәсіби мансабын аяқтап, бапкерлік қызметке ауысу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
"Елдос Ахметовпен және Руслан Эсатовпен ағайындыдай араласамыз. Руслан маған ағадай. Ол «Каспийді» Премьер-лигаға алып шықты, енді туған клубымызды көтеру үшін «Таразға» қайта оралды. Оған тек сәттілік тілеймін. Ол бізге бөтен адам емес, өз жерлесіміз. Ал өзіме келсем, әзірге бапкер болу туралы ойым жоқ. Негізгі мақсатым — алаңға қайта оралу. Қалғанын уақыт көрсетеді", – деді футболшы.
Айта кетейік, 32 жастағы жартылай қорғаушы қазіргі таңда ешқандай клубпен келісімшартқа отырмаған.